Жарнама
Жаңалықтар

«Даму-Оптима» кепілдік береді

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мақсатты тобына кірмейтін кәсіпкерлер үшін «ДамуОптима» бағдарламасы жұмыс жасай бастады. Бұл, әсіресе, сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласының тізгінін ұстағандар үшін қолжетімді десе болады.

Бағдарлама банк алдында кепілзаты жетпейтін кәсіпкерлерге «Даму» қорының кепілдемесін пайдалана отырып, несие алуға мүмкіндік береді. Жасыратын несі бар, көп кәсіпкерлер қазір несие алу барысында кепілзат жетіспеушілігінен зардап шегуде. Бұған дейін мақсатты топқа кірмейтіндер үшінші жақтың кепілдемесіне жүгінуге мәжбүр еді. Енді осы олқылықтың орны толады. Нәтижесінде қай салада болмасын, кәсіпкер аталмыш қор кепілдемесіне ие бола алады. 

Бизнесін бастап қойған кәсіпкерлер үшін несиеге кепілдеме берудің өз талаптары бар. Оның мөлшері несие сомасының жартысынан аспауы керек. Айналымдағы қаражатты толықтыруға 60 млн. теңгеүш жыл, ал, инвестиция салу үшін 180 млн. теңге бес жылға дейінгі кепілдемемен беріледі. Франшиза (тауардың авторлық құқығы) бойынша іс бастағысы келетіндерге де келесі талаптар қойылады. Егер кепілдеме мөлшері 20 млн. теңгені құраса, несие сомасының 70 пайызынан аспауы керек. Несие мөлшері 80 млн. теңгеге дейін барады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Даму» қоры өз қаражатынан 2,8 млрд. теңге бөледі. Екінші деңгейлі банктердің бірқатары қазір аталған бағдарламаға қызығушылық танытуда.   

Қаныш ТӨЛЕУШИН,

«Даму» қорының басқарма төрағасы.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button