Жарнама
Жаңалықтар

ДАМУ ДЕҢГЕЙІМІЗ ҚАНДАЙ?

Айта кету керек, жергілікті бюджет ашықтығының индексі өзінің жеке бюджеті бар облыс, аудандар, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы бюджеттік үдерістер ашықтығының деңгейін бағалауға көмектеседі. Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының бұл бастамасы – бюджеттік деңгей тиімділігін өлшеудің маңызды және ықпалды құралы болып есептеледі. Бюджеттік талдау және экономикалық мониторинг орталығының Атыраудағы өкілі Ұлықбек Тінәлиевтің айтуынша, 2015 жылы Қазақстан Республикасында барлық 16 әкімшілік-аумақтық бірлік индексі анықталған. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы ең мүмкін деген 100 балдың 62,51-ін, ал, Солтүстік Қазақстан облысы 44,57 балл жинады. Бұл зерттеу жүргізілген 14 облыс пен Астана, Алматы қалалары арасындағы жоғарғы көрсеткіш. Қазақстанның батыс аймағындағы көршілес облыстарды салыстырмалы түрде алып қарағанда – Ақтөбе облысы 39,02 балл, Атырау облысы 35,54 балл, Батыс Қазақстан облысы 35,78 балл және Маңғыстау облысы 27,17 балды көрсетті.

— Зерттеу қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару қызметінің тиімділігін арттыру бойынша сарапшылар ұсыныстар дайындайды. Атырау облысы бюджет жобасын жоспарлау және дайындау үдерісінің ашықтығы бойынша 22,94 балл, бюджетті қарау және бекіту үдерісінің ашықтығы – 48,55, бюджетті орындау үдерісінің ашықтығы – 31,33 балдық көрсеткіштерге ие болып отыр. Бұл өз кезегінде облыстағы жергілікті биліктің қаржы қызметі мен бюджеті туралы көпшілікке толық мәлімет беретіндігін көрсетеді. Соған қарамастан, келешекте индексті арттыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілмек, — дейді Ұлықбек Серікұлы.

Алдағы уақытта жергілікті органдардың қазынаны қалай пайдаланатынын білу үшін облыс тұрғындарына ақпараттық мүмкіндіктер берілмек. Сөйтіп, көп ұзамай атыраулықтар бюджет үдерісіне қатысуға тікелей мүмкіндік алады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button