Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаҚоғам

Қызылшадан сақтаныңыз!


Адамдар арасындағы өте жұқпалы антропонозды жіті респираторлық вирустық аурудың бірі – қызылша. Оның ауру қоздырғышы – вирус. Бұл дертпен әрбір екпе алмаған адам ауырады.

36 017

Облыста 2015 жылы аурудың қарқын алуы артып, бұл уақытта 91 жағдай тіркелді. Дер кезінде аймақта қызылшаның әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында 15-19 жастағы адамдар арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ауру көрсеткіші 30 есе төмендеді. Яғни, 2016 жылы үш жағдай орын алса, 2017 жылы ешбір дерек болмады. Аталған жағдай вакцинопрофилактиканың аталған аурумен күресудің жалғыз және нәтижелі шарасы екеніне дәлел.

Ауру ауа арқылы таралады. Вирус сыртқы ортаға көп жағдайда науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде бөлінетін сілекей арқылы жұғады. Ал, негізгі белгілері – дене қызуының 38-40°С-қа дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, түшкіру, бастың ауырсынуы. Сондай-ақ, қабақтың ісінуі және конъюктиваның қызаруы, жұтқыншақтың ісінуі, денеде бөртпелердің шығуы аурудың пайда бола бастағанының көрінісі.

Көбіне дерттің салдарынан көз жұмудың себебі оның асқынуымен байланысты болады. Ең қауіпті асқынулар көздің көрмей қалуы, энцефалит (мидың ісінуіне әкелетін инфекция), пневмония секілді тыныс алу жолдарының инфекцияларын туындатуы мүмкін. Сондықтан, оның алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – алдын-ала екпе алу. Облыста балаларды егу жұмыстары қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген екпе салу арқылы жүргізіледі. Екпе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Ол тиімді және қауіпсіз. Еліміздің Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау алты жаста жүргізіледі. Ақысыз түрде, жергілікті мекен-жай бойынша емханаларда салынады.

Айнагүл СӘРСЕНҒАЛИЕВА,

облыстық қоғамдық денсаулық сақтау

департаментінің бөлім басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button