Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Қазақстанның мерекелік күнтізбесі су шаруашылығы қызметкерлері күнімен толықты.
Аталған құжатқа сәйкес, Қазақстанның мерекелік даталар тізбесі осы жылдан бастап 9 шілдеде аталып өтетін су шаруашылығы қызметкерлері күнімен толықты.
Сондай-ақ, осы айда дипломатиялық қызмет, 2018 жылы алғаш рет аталып өткен ұлттық домбыра, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдары, балық шаруашылығы күнін, металл, сауда саласының және көлік қызметкерлерінің күнін атап өтеді.
Бұдан өзге республика халқы 6 шілдеде Астана қаласының туған күнін тойлайды.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың қараша айында Қазақстан күнтізбесіне жаңа дата — Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерь қызметі күні енгізілген болатын.
Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20190129/9072081/kazakhstan-kuntizbesi-jana-merekemen-tolykty.html