Қазақстанда билет құны әлдеқайда арзан жаңа әуе компаниясы жұмысын бастайды
Мамыр айында Қазақстанда Fly Arystan әуе компаниясы өз жұмысын бастайды.
Басты жаңалық сол – жаңа компанияның билет құны Air Astana лайнерлерінің бағасынан екі есеге арзан болады. Мәселен, түрлі бағытқа Air Astana билеттері шамамен 100 долларды құрайды. Бұл баға сатып алу мерзіміне байланысты өзгеріп отырады: бір апта тұрын алсаңыз — бір баға, үш күн бұрын алсаңыз — басқа баға дегендей. Fly Arystan билеттері Қазақстан бағыттары бойынша шамамен 40-45 доллар болады деп болжап отырмыз. Демек, Қазақстандағы Air Astana, BekAir, Scat компанияларынан анағұрлым төмен», — деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен брифингте.
Қазіргі таңда жаңа компанияның екі борты Қазақстанда дайын тұр. Жыл соңына дейін су жаңа төрт А320 ұшақтары алынады.
«Біздің міндетіміз — Қазақстан азаматтарына ұшақ билетін қолжетімді ету. Мұнда көрсетілетін қызмет те өзгешелеу болады. Әдеттегідей тегін 20 келі емес, 5 келі жүк орны беріледі. Одан артық жүк үшін қосымша ақы төлеуге тура келеді. Жаңа әуе желісіне бюджеттен немесе Самұрық-Қазынадан қосымша қаржы бөлінбейді. Бұл компания Air Astana қаражаты есебінен жұмыс істейді» деді министр Жеңіс Қасымбек.
Керемет!!!!