«Қазақ аруы» сұлулық байқауына кастинг жарияланды
«Қазақ аруы-2019» сұлулық байқауына кастинг жарияланды. Бұл туралы танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақ аруы» байқауының кастингі 2-3 ақпан күндері Алматы қаласы, «Самал» ықшамауданы, Қажымұқан көшесі, 49, «ZMOOD» мейрамxанасында, ал 8 ақпан күні Астана қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесі 8, «The one hotel Astana» қонақ үйінде өткізіледі. Уақыты — 12:00-ден 18:00-ге дейін. Сонымен қатар, Баян Алагөзова бұл байқаудың басты талаптарымен таныстырды.
«Қазақ тілін жетік меңгеру, көрікті әрі келбетті, ақылды әрі дарынды болу, 16-22 жас аралығы, бойы 170 см-ден жоғары, салмақ 53 кг-нан төмен. Егер осы сипаттамаға сай болсаңыз, іске сәт! Байқау ұйымдастырушылары мен алтын тәж сізді күтуде» — делінген актрисаның парақшасында.
Сонымен қатар, бұл байқауда қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен салт-дәстүрі туралы да хабардар болу қажет. Бұл сұлулық байқауы болғандықтан, қатысушылар білімімен қатар сұлулығын да көрсете алуы керек. Айта кету керек, «Қазақ аруы» Қазақстанда осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылады. Өткен жылы 20 жастағы ақтаулық ару Нәбира Рахымжан «Қазақ аруы» атанған болатын.