
ЖаңалықтарМедицина
Туберкулез төмендеді
Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық 2,4 есеге төмендеді. Бұл туралы Астанада «Көші-қон және туберкулез: туберкулезді трансшекаралық бақылау және Орталық Азиядағы туберкулезге қарсы көмек» атты жоғары деңгейдегі төртінші өңірлік кездесуде еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді.

Белгілі болғанындай, бұл қауіпті дерттің салдарынан болатын өлім – 5,6, балалардың сырқаттанушылығы 2 есеге дейін төмендеді. Науқастардың белсенді контингенті 2008 жылғы 31779-дан 2017 жылы 16261-ге дейін 2 есеге азайды. 2030 жылға қарай аталған дертпен сырқаттанушылық деңгейі едәуір төмендейді деп күтілуде.