Нейрохирургиялық оталар жасалды
Ұлттық нейрохирургия орталығында былтыр 1380-нен аса тегін ота жасалды. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 2,2 млрд. теңгені құрады.
Атап айтқанда, 337 эндоваскулярлық, 41 ми қан тамырларын клипстеу, 109 нейромониторингті қолданумен ми ісіктерін алып тастау бойынша, 159 ісіктерді эндоскопиялық алып тастау сынды басқа да ота түрлері бар. Аталмыш жүйе аясында жоғары технологиялы медициналық қызметтер тегін жүргізіледі. Негізінен мұндай оталардың құны 936 мың теңгеден 8,5 млн. теңгеге дейін жетеді.
Сондай-ақ, аталған орталық өңірлерге сапарларда шеберлік сабақтарын өткізу жолымен кадрлық әлеуетті дамытуды жүзеге асырады. Медицинада инновациялық әдістерді енгізіп, нейрохирургиялық қызметтің дамуына айтарлықтай үлес қосуда.