
Мұнайлы шаһар басшысы тұрғындармен кездеседі
Атырау қаласы әкімі Әлимұхаммед Құттұмұрат-ұлының «Атырау қаласының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылғы міндеттері туралы» қала тұрғындары алдында есеп бермек.

Кездесу 2019 жылғы 13 ақпан, сағат 10.00-де Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өтеді. Тұрғындардың қала әкіміне қояр сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері үшін қала әкімдігінің ғимаратында, қалалық жұмыспен қамту орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ №1, №2 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлімшері , «Сарайшық» коммуналдық базары ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.
Сонымен қатар, ұсыныс-сұрақтарды қабылдау үшін қала әкімдігінің телефон желісі 8 (7122) 30-98-59, akimat_atyrau@atyrau.gov.kz электронды поштасы және Facebook желісіндегі «Акимат Атырау» парақшасы жұмыс жасайды.
Атырау қаласы әкімінің аппараты