Доллар бағамы тағы төмендеді
— Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 379,56 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.
Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,27 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға — 379 теңге, ал ең жоғарысы — 380 теңге болған. Сауда көлемі 55,05 млн долларды құрады. Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,83 теңгені, күндізгі сессияда 380,98 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 380,51 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 61,1 млн доллар болды. Еске сала кетейік, сәрсенбі күні шетел валютасының бағамы 1 теңгеге төмендеген болатын.