ЖаңалықтарМедицинаҚоғам
Бүгін жылыойлық дәрігерлер жүкті әйелді өлімнен арашалап қалды.
Науқас күні бойы ауырып, таңғы сағат 4-те ТШО-ның реанимотология клиникасына жеткізілген. Келген кезде оның бесінші балаға жүкті екені анықталды.
Денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Ауыр халдегі науқасқа жедел түрде ота жасалды. Іштен қан кетіп, науқас 4 литр қан жоғалтқан.
–Қазір жағдайы тұрақты. Палатаға ауыстырылды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Хорлан Смадияр