Жарнама
Жаңалықтар

Бес бірдей баланың өліміне әкеліп соққан оқиғаның алдын-ала себебі анықталды

            «Sputnik Қазақстан» сайтының хабарлауынша, Астанадағы жекеменшік үйлердің бірінде болған жойқын өрттен қаза болған қыз балалардың үлкені 13-те, ал ең кішісі үш айлық болған. Қазіргі таңда жойқын өрттің мән-жайы белгілі болып отыр.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша,  орталық пультке өрт туралы ақпар түнгі сағат 02:34-те келіп түскен. «Шыңғыстау көшесінде орналасқан «Көктал 1″ тұрғын үй массивінде өрт шыққан. Өрт сөндірушілердің алғашқы бригадасы оқиға орнына жөнелтілді. Екі минуттан кейін барлық өзара іс-қимыл қызметтеріне, яғни жедел жәрдем станциясына, полицияға хабар берілді», — деді вице министр Юрий Ильин.

9157958
Фото —  ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ
Астанада бес бала өртеніп кеткен үй

Айтуынша, өрт сөндіру бөлімінен өртенген үйге дейінгі қашықтық шамамен 4 шақырымды құрайды. Бару уақыты – 7 минут.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде, аумағы 30 шаршы метр уақытша құрылыстың жалынға оранғанын байқайды. Өртті сөндіру кезінде сағат 02:45-те үйдің төбесі жарым-жартылай құлаған, ал 02:53-те бес мәйіт табылды»,- деп мәлімдеді министрдің орынбасары. Айтуынша, өрт қатты отынмен жанатын пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан шыққан.

«Туысының айтуынша, олар түнгі сағат екілер шамасында үйге кіріп, балалардың ұйықтап жатқанын көрген. Пештен қандай да бір ақау байқамағаман. Ал, 02:34-те өрт шыққаны туралы ақпар түсті», — деп нақтылады спикер.

Қаза болған балалардың әкесі жергілікті Техникалық қызмет көрсету станциясында істейді екен. Түнде жұмыс берушісі оны шұғыл істермен жұмыс орнына шақыртып алған. Ал, полиэтилен кәсіпорындарының бірінде қызмет ететін анасы түнгі ауысымда болыпты.

Қазіргі таңда Астана әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыру шараларын өз жауапкершілігіне алып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button