Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Дәрігерлерді қызметінен тыс жұмыстардан босату керек

Atr.kz/22 мамыр, 2019 жыл. Президент халықаралық медициналық форум барысында Үкімет пен министрлікке, әкімдіктерге дәрігерлердің қосымша қоғамдық істермен айналысуына тыйым салуды тапсырды

«Медицина қызметкерінің статусын көтеру керек. 2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет саласындағы кейбір жұмысшылардың жалақысы 30 пайызға дейін көтеріледі. Оның ішінде медицина қызметкерлері де бар. Үкімет Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі Кодексін қайта қарап жатыр. Онда денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін материалдық және моральдық ынталандыру, олардың құқықтарын қорғау, қоғамдағы статусын арттыру қарастырылады.

Жоба халық талқысына салынуы керек. Дәрігерлерді қызметінен тыс жұмыстардан және міндетіне кірмейтін артық жүктемеден босату керек. Бұл жұмысты бүгіннен бастау қажет! Кодекс Парламенттің келесі сессиясының аяғына дейін қабылдануы тиіс», — деді Президент Қасым — Жомарт Тоқаев.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button