Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Дәрігерлер енді көздің қарашығын да ауыстырмақшы

RIKEN институты мен Коба қаласындағы медицина орталығы көздің қарашығын трансплантациялау үшін алғашқы тәжірибе жасап көрмек. Яғни дәрігерлер жасанды көпфункционалды iPS-жасушаларды көзге орналастырмақ деп хабарлайды The Qazaq Times.

pogudx73iackub1rb.9e2ab6a4

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен жасалынатын трансплантацияның алғашқы тәжірибесі үшін бес пациент іріктеліп алынған. Бұл бастаманың жетекшісі Масае Такахасидің айтуынша, алғашқы трансплантация сәтті аяқталып жатса, 11 айда жүзеге асатын әр адамның көз қарашығындағы жасушалардың өсімі 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік туады және құнын бірнеше есеге арзандатуға болады екен.

 2014 жылы ең алғаш рет 70 жастағы пациентке iPS-жасушаларды қолданып ота жасалған. Нәтижесі жақсы болғандықтан енді осы жасушаларды пайдалана отырып көздің қарашығына ота жасауды көздеп отыр.

Зерттеушілерден болжамынша, бұндай ота көз ауруларына көп көмек көрсетпек.

Ғалымдардың айтуынша, көзге арналған iPS-жасушаларды басқа адамның көзінен ғана емес, өзінің денесінен де алуға болады. Он жылдан бері өндіріліп келетін бұл жасушалардың бір ғана кемшілігі — қатерлі ісікке жол ашатындығы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button