Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаҚоғам

Дәрі-дәрмекті сатып алу онлайн режимде жүргізіледі

«СК-Фармацияның» 2018 жылға арналған дәрілерді сатып алу тендерлік рәсімдері толықтай онлайн тәртіпте көрсетілетін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ФОТО - ДӘРІ

«2018 жылы ел халқын дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша өтетін тендерлік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында www.sk-pharmacy.kz сайтында негізгі тендерлік рәсімдердің онлайн көрсетілімі ұйымдастырылады»,- делінген компания таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютордің Facebook ресми аккаунтында тендерлік және сараптамалық комиссия отырыстарының күн сайынғы фотоесебі жарияланып отырады. Тендер өткізіліп жатқан залдағы жағдайға видео түсірілім жасалады. Ол Бірыңғай дистрибьютордың мұрағатында сақталады.

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әсемгүл Ержанованың айтуынша, Бірыңғай дистрибьютер сайтында ағымдағы тендерге арналған арнайы бөлім бар. «Ол жерде нақты уақыт тәртібінде толықтыруларды ашу рәсімдерін және аукционды бақылап, тендерлік комиссияның барлық отырыстарын, өткен шаралардың бейнежазбаларын қарауға болады. Бұл шаралардың барлығы біздің сатып алу рәсімдеріміздің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қызығушылық танытқан барлық тараптар тендерлік рәсімдерді онлайн тәртіпте қарап, шешімдердің қалай және не себепті қабылданып жатқандығын қадағалап, олардың бейтараптылығына және әділдігіне көз жеткізе алады», — деді ол.

Айта кетерлігі, бүгінде жалпы сомасы 82,4 млрд. теңгенің 484 өніміне тендер жарияланған.

Айқара Ғұмар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button