
COVID-19: Шұғыл штабтан қажетті ақпаратты алыңыз!
Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Атырау облысында коронавируспен күрес жөніндегі Шұғыл штаб жұмысы басталған 3 тәулік ішіндекөптеген сұрақ пен ұсыныс түскен, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен ӨКҚ-де өткен онлайн брифингте белгілі болды.
-Келіп түскен сауалдарға облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысы негізінде жауаптар берілді.
Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар негізінде, қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде дәріханалардың жұмыс кестесі алғашқы күндері сағат 18.00-ге дейін болса, қазір сағат 22.00-ге дейін ұзартылды.
Ал, букмекерлік кеңселер мен кальян барлардың жұмыстарына тыйым салынып, тұрғын үй маңында орналасқан шағын азық-түлік дүкендеріне жұмыс жасауға рұқсат етілді, — деді облыс әкімі.