COVID-19: Өткен тәулікте Атырауда коронавирус инфекциясынан 121 адам емделіп шықты
«Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 374 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 69 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 21 адам ем қабылдауда» деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Атырау облысында өткен тәулікте 89 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 27-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 57 жұмысшыдан, Исатай-1, Жылыой ауданында 4 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 23-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймаққа» енді