
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
COVID-19: Екінші толқынға дайындық
Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми өкілінің хабарлауынша қазір дәрілік препараттар мен медикоменттерді дайындау бойынша жұмыстар белсенді жүруде.
Коронавирустық инфекция және пневмониямен ауырғандарға арналып, дәрі-дәрмектің бір айлық қорын жасақтау үшін жалпы құны 8,7 млрд теңге болатын 91 түрлі препарат дайындалуда. Мұндай көлемдегі қор 40 мың науқасты емдеуге жетеді.
«COVID-19 екінші толқыны күтілуде. Соған байланысты, бес күннен кейін (15 тамызда) қосымша екі айлық қор жасақтауға кірісеміз. Бұл дегеніңіз стационардағы 200 мың науқасқа арналған дәрінің 50 түрі.» — деп атап өтті ресми өкіл.