COVID-19: Атырауда тағы 23 адам тіркелді
Atr.kz/30 маусым, 2020 жыл. Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 23 адам тіркелді (29.06.2020 жылғы мәлімет бойынша).
COVID-19 жұқтырған 21 жағдай Атырау қаласынан тіркелді.Олардың 12-сі ер, 5 -еуі әйел адам. Олардың бірқатары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінсе , кейбірінен скринингтен өту барысында анықталды.
Сондай-ақ 2 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
29.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1640 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны — 1376.