Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

COVID-19: Атырауда 69 жаңа жағдай

Аtr.kz/1 маусым, 2020 жыл. Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 69 жағдай тіркелді.

31.05.2020 жылғы мәлімет бойынша, COVID-19 жұқтырған
54 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері екен. Олар   инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және Теңіз кен орнынан шығар кезде скринингтен өткен.

Ал, тағы 11 адам Атырау қаласының тұрғындары, олар бұрын инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринигтен өтіпті. Сондай-ақ, 3 жағдай 1965, 2018, 2020 жылы туған  Жылыой ауданының, біреуі  1991 жылы туған Мақат ауданының тұрғынындарынан тіркелді. Олардың инфекция жұқтырған науқаспен  қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

31.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған
1105 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны — 314 .

«Atr-Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button