Жарнама
Жаңалықтар

Covid-19: Атырау облысы «сары» аймаққа өтті

 Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен ауырған 29 адам анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 8 жаңа жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқастан қауіпті індет табылған.

 Құрманғазы ауданында 2, Мақат ауданында 1 науқастан індет анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 11 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 18 адамда  ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 209 адам емделді. Қазіргі уақытта 1 367 адам үй жағдайында, 117 модульдік ауруханада, 99 N2 облыстық ауруханада, 26 — фтизиопульмонологиялық орталықта ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда-89.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 87 адам емделуде.

 Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймаққа өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button