Жарнама
Жаңалықтар

Цифрлық болашаққа нақты қадам

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Қазақстанның алдағы үш жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналуы қажеттігін ерекше атап өтті. Жасанды интеллект пен ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу экономиканы жаңғыртудың басты тетігі екені айтылды. Бұл қадам еліміздің жаһандық бәсекеге қабілетті болуына жол ашпақ. Осы бағыттағы нақты бастамалардың бірі ретінде 17 қыркүйекте Атырауда өтетін Atyrau CyberCup 2025 халықаралық турнирін айтуға болады.

398b41b7 ee29 4920 8c60 37bac176fb5c

«Қазақтелеком» АҚ-ы ұйымдастыратын бұл іс-шара тек ойын-сауық емес, цифрлық спорттың жаңа тарихын жазып, жастардың IT қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік беретін алаң болмақ. Counter-Strike 2, Dota 2 және PUBG Mobile ойындары бойынша өтетін додаға Қазақстанмен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан үздік ойыншылар қатысып, бас жүлде ретінде 10 миллион теңге сарапқа салынады. Бұл киберспорттың жай ғана хобби емес, заманауи цифрлық индустрия екенін айғақтайды. Жолдауда айтылғандай, цифрлық технологиялар жастардың болмысын түбегейлі өзгертіп келеді, сондықтан мемлекет олардың жасанды интеллектпен жұмыс істеу құзыретін мектептен бастап қалыптастыруды көздеуде. Мұндай халықаралық турнирлер – осы құзыреттерді нығайтып, жаңа цифрлық мәдениетті орнықтыратын алғашқы баспалдақ. Атырауда өтетін финалдық кезең тек спорттық сайыс емес, жаңа инновациялық ортаның қалыптасуына серпін беретін маңызды қадам болмақ. Президенттің «жаппай цифрландыруды енгізбейінше, артта қалудың салдары ауыр болады» деген ескертуі осындай бастамалардың өзектілігін айқын дәлелдеп отыр .

Сағынгерей ҚҰБЕКЕН,
облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының маманы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button