Жарнама
Жаңалықтар

Цифрландыру – дамудың кілті

Мемлекет басшысы алты жылдан бері жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу міндетіне басымдық беріп келеді. Соның нәтижесінде еліміз ІТ-қызметтер экспортын ұлғайта отырып, осы бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуде. Жаңа технологияларды енгізуге арналған бірқатар ірі жоба жүзеге асып, саланың дамуына серпін беретін маңызды бастамалар қолға алынды.

​Президент бұл бастаманың тек технологиялық жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар елдің цифрлық егемендігін нығайтуға да бағытталғанын атап өткен. Деректерді дұрыс басқару, жасанды интеллектті дамыту – қазіргі заманның басты талабы. Қазір еліміздегі белгілі компаниялар да өздерінің даму жолын жасанды интеллектпен байланыстыруға тырысуда. Өйткені Президент бастап қолға алынған цифрлық технология жетістіктерінің қоғам дамуына ықпалы зор екенін байқатып отыр.

Мәселен бүгінде елімізде қолма қол ақша алып жүретіндердің қатары тым азайып кетті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 88 пайызға жеткен екен. Бұл өз кезегінде халықтың да жұмысын жеңілдетті. Бұрынғыдай банкоматтың алдында кезекке тұрмай, несиесін де онлайн төлеп, халықтың қолма қол ақша іздеп сабылуын азайтты. Ал қазір ұялы телефоны болса болғаны, кез келген жерде есеп айырыса алатынын түсінеді. Аз ғана жылдар ішінде елімізде қаржы технологиясы қарқынды дамыды. Тіпті сол сандық жүйе, мобилдік аударым арқылы коммуналдық төлемді де үйден шықпастан онлайн төлеп, бар шаруасын қашықтан жүзеге асыруына мүмкіндік туды. Алыстағы тауарды да үйде отырып тапсырыс беріп, қоғамдық көлікте жолақы төлеу, газетке жазылу, турларды рәсімдеу, құжат жаңарту тіпті теміржол мен әуе жолдары билетін ала беретін болды. Мұндай тиімді жүйеге халықтың ықыласын көрген соң барлық сала, барлық деңгейдегі мекемелер өз жұмысын сандық жүйеге ауыстыруға жаппай тырысуда.

Нәтижесінде елімізде сандық жүйе, заманауи технология өзгерісі тез жүзеге асты. Ең бастысы алыстағы, тіпті шекараның арғы бетіндегі туысына да қажетті қаржыны сол заматта түсетіндей етіп аудара алатын болды. Бұл да болса сандық жүйенің артықшылығы еді. Халық қазір сандық жүйенің күнделікті тұрмысқа қолайлы екенін түсініп келеді. Сондықтан өзгерістерге де шошымай барынша бейімделіп үлгеруде. 

Сондай-ақ еліміздің сот жүйесі цифрлық дамуға ең алғашқылардың бірі болып өтті. Әсіресе әлемді жайлаған ковид жұқпалы дерті кезіндегі карантинде де еліміздің сот жүйесінің жұмысы тоқтамады. Цифрлық жүйе арқасында онлайн сот отырыстарын ұйымдастырып, халық үйде отырып-ақ сот отырыстарына қатысуға мүмкіндік алды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Еліміздің дамуына тың серпін береді деп күтіліп отырған цифрлы дәуір жетістіктерінен қазір қоғам зор үміт күтіп отыр.

Әселханым ҒАЙНЕДЕН,

филология ғылымдарының магистрі,

белсенді жас

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button