Жаңалықтар
БЮДЖЕТТІҢ ЖЕТКЕН КҮНІ ЖОҚ
Алдын ала жасалынған болжамдарға қарағанда, Ресей Федерациясында 2013 жылғы бюджет жетпестігі 300-400 миллиард рубльді құрауы мүмкін. Ал, 2014 жылы бұл көрсеткіш 210-220 миллиард рубль шамасында болады деп күтілуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне осындай мәліметті берген Қаржы министрі Антон Силуановтың айтуынша, елдегі қалыптасқан жағдай, әсіресе, жекелеген аймақтар мен өңірлерге қиын тиюде. Өйткені, жыл басында бөлінуі белгіленген қазына қаражатынан 1 триллион рубль берілмей қалған. Осылайша, 10-12 пайызға дейін өседі деп болжамдалған бюджеттің көлемі керісінше 15 пайызға төмендеген.
Дәулетқали АРУЕВ.