Жарнама
Жаңалықтар

Бүлінген қала қалпына келтірілуде

Қазіргі уақытта тасқын судың салдарынан бүлінген Құлсары қаласын қалпына келтіру жұмыстары 85%-ға орындалған.

Жылыой ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, күні бүгінге дейін төтенше жағдайдан зардап шеккен 2064 үйге бағалау және 1687 үйге техникалық зерделеу жұмыстары жүргізіліпті. Сонымен қатар, 142 көшедегі көлшіктер құрғатылды. Жеке сектордағы үйлердің аулалары да судан тазартылып, тұрғындары баспаналарына қайта оралды.

Бұдан бөлек, қаланың «Атырау» шағынауданындағы орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер ток көзіне қосылды. Жақын күндері тасқын судың астында қалған су құбыры мен кәріз сорғылары да толықтай қалпына келтіріледі. Жағдай толықтай қалпына келтірілгенше,  бұл бағыттағы жұмыстар аптаның демалыс және мереке күндері де жалғаса береді.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ
Жылыой ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button