Жарнама
Жаңалықтар

Бұл «Сергек» – басқа «Сергек»

Бүгінде атыраулықтар жағада бөгеттер салу жұмыстарының барысын онлайн бақылап отыр. «Сергек» бейнебақылау камералары жедел әрекет етуге және маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, қазіргі уақытта gov.kz порталына Атырау қаласы мен Атырау облысы бойынша 22 камерадан, Орал қаласы бойынша 6 камерадан және Қостанай қаласындағы 6 камерадан бейнекөрсетілім шығарылған.

«Sergek Group» мамандары «Freedom Telecom» және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Индербор кентінде, Махамбет ауданының бірнеше ауылында, Дамбы елді мекенінде және қала маңындағы Зарослый шағынауданында қашықтан мониторинг жүргізу үшін камералар орнатқан.

–Табиғи апат туралы білгеннен кейін компанияда «біз қалай көмектесе аламыз?» деген сұрақ туындады. Қазіргі уақытта ТЖ жедел штабтарында және зардап шеккен елді мекендерде 14 қызметкеріміз жұмыс істеуде. Олардың барлығы өзен арнасының өзгеруін және су ағынының келуін бақылау үшін бейнемониторинг жүйесінің мүлтіксіз жұмысын қамтамасыз етуде, — деді «Sergek Group» бас директоры Әсет Ахметов.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілетін орындардан онлайн-трансляция GOV.KZ (орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар) сайтында осы сілтеме бойынша көрсетіледі: https://www.gov.kz/page/9184?lang=ru

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button