Бұл – бізге Тәуелсіздік берген МОЛ МҮМКІНДІК
Аtr.kz/5 мамыр, 2019 жыл. «Атырау» газетінің редакциясында белгілі саясаттанушы Айдос Сарым, ІMG медиа-груп директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Нұрғазин, «Литер» газетінің директор-бас редакторы Қайсар Жанаханов, «Сардар» баспа үйінің директоры Әділ Қайтанов, «Adai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат және ІТ маманы, блоггер Нұрлан Жанай бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отырған латын әліпбиіне көшу мәселесін жан-жақты талқылаған-ды…
Сондай-ақ, аталмыш шрада жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдері де өздерін және қоғамды толғандырған сауалдарды жолдап, нақты жауапқа қанықты. Алдымен, латын қарпіне көшудің өзіндік критерийлерін белгілеп алған жөн. Бұл – Айдос Сарымның пікірі.
– Жарайды, айталық, латын қарпіне толықтай көштік делік. Бірақ, содан кейін жиырма жыл өтсін, мейлі, жүз жыл өтсін, қазақ тілі өзінің о бастағы ерекшеліктерінен, атап айтқанда, төл дыбыстарынан немесе өзге тілден дараландырып тұратын қасиеттерінен айырылып қалмауы керек. Мәселен, латын әліпбиіне көшкен кей елдерде, ұмытпасам, түрік бауырларымызда-ау деймін, уқаыт өте келе мынадай мәселе туындаған екен. Күнделікті қолданыстағы, яғни, айналымдағы сөздердің кей дыбыстары әліпбиде жоқ болып шыққан. Міне, осыдан сақ болуымыз керек. Егер осыны ескерсек, латын әліпбиіне қорықпай көшуге болады, — дейді ол.
Жиынға қатысушылардың көтерген екінші мәселесі, бұл әліпбидің бүгінге дейін ұсынылған диаграф, апостроф, ноқат арқылы таңбалау нұсқаларына қатысты өрбіді. Бұлар әлі де болса толықтай пысықтауды қажет етеді. Бұл жерде мәселе тек біздің төл таңбаларымызға ғана тіреліп тұрғаны анық. Қалған әріптер латын әліпбиінде бұрыннан бар. Осы ретте, Айдос Сарым төл таңбалардың үтір арқылы берілуіне қарсы екенін жасырмады. Себебі, үтірмен белгіленген қаріпті ғаламтордағы «Гугл» жүйесінің іздеу жолағына енгізген кезде, ол оп-оңай шыға қоймайды.
– Егер, әсірелеп айтар болсақ, латынға көшу үрдісінде екі «экстремистік» күштер пайда болады деп айтуға болады, — дейді ол. – Оның бірі – филологтар болса, екіншісі – бағдарламашылары, яғни, компьютер мамандары. Екі топ қазір өзара тартысып-жұлқысып жатыр. Олар бір ымыраға келмей, белгілі бір шешім қабылдау қиын. Әйтсе де, мұндай бір-біріне кереғар пікірталастың болғаны да дұрыс. Әдетте, осындай пікірлер тоғысында небір керемет идеялар туындап жатады емес пе?!
Ал, өзімнің жеке көзқарасыма келер болсам, бағдарламашылардың пікірлеріне қарсымын, филологтарды қолдаймын. Латынға көшудің қажеттілігін жаһандық технологияның трендтерімен байланыстыруға болмайды. Бұл шешім технологияның тілін білу үшін емес, халқымыздың шынайы қажеттілігінен туындап отыр. Айтайын дегенім, латын қарпіне көшу бұл ұлттық мүддеден туындаған мәселе. Бұл реформаны қазақ халқы өз жүрегімен қабылдағасы келеді, соны ескерген жөн. Әйтпесе, адамның ерік-жігері мен құқығын шектелген заманда талай нәрселер күштеп енгізілді емес пе? Оның қасында бүгінгі демокартиялық ортада өмір сүре отырып, латын әліпбиінің қажеттілігін тек технолгиялық қажеттілікке ғана таңып қою дұрыс емес.
Тарихтан білесіздер, 1953 жылдардағы тіл реформаларының ықпалымен, қазақтың шырайлы сөздері өзіндік қасиеттерінен жұрдай болып қалды. Ал, оған дейін айтайық, «Сталин» деген сөзді жұртымыз «Ысталин» деп жазып жүрген еді. Міне, өзге халықтардың «осы қазақ орысша қалай таза, ешқандай акцентсіз сөйлейді?» деп таңырқауы да осыдан болса керек.
Иә, расымен де, мына бір нәрсені есте ұстау керек. Адам кез келген әліпбиді ең алдымен жадымен қабылдайды. Ол не деген сөз? Мысалы айтар болсақ, бір сөзді алып ондағы дауысты дыбыстарды жазбай біреуге оқытар болсақ, оның не сөз екенін бірден тауып қояды. Себебі, адам мәтінді оқыған кезде оның назары жекелей әріпке емес, тұтас сөзге не мәтінге ауып кетеді. Осы кезде арадағы қалып қойған әріпті де елемей қалуы әбден мүмкін. Демек, мәселенің тағы бір шеті психикалық қабылдауда жатыр. Ендеше, «дөңгелек үстел» қатысушыларының ортақ пікірі – осы.
*Сіз не дейсіз?
Айдос САРЫМ:
– Тарихқа үңілсек, латын әліпбиі елімізде бұрын да қолданыста болған. Тіпті, өз әжемнің де кезінде хат жазғанда осы қаріптерді пайдаланғаны есімде қалыпты. Ал, бүгінгі уақыт та өзгеше, қойылатын талап та басқаша. Алдымен, латын қарпіне көшудің өзіндік критерийлерін белгілеп алуымыз қажет. Жарайды, айталық, латын қарпіне толықтай көштік делік. Бірақ, содан кейін жиырма жыл өтсін, мейлі, жүз жыл өтсін, қазақ тілі өзінің о бастағы ерекшеліктерінен, атап айтқанда, төл дыбыстарынан немесе өзге тілден дараландырып тұратын қасиеттерінен айырылып қалмауы керек. Мәселен, латын әліпбиіне көшкен кей елдерде, ұмытпасам, түрік бауырларымызда-ау деймін, уақыт өте келе мынадай мәселе туындаған екен. Күнделікті қолданыстағы, яғни, айналымдағы сөздердің кей дыбыстары әліпбиде жоқ болып шыққан. Міне, осыдан сақ болуымыз керек. Егер осыны ескерсек, латын әліпбиіне қорықпай көшуге болады. Бұл жерде мәселенің тек біздің төл таңбаларымызға ғана тіреліп тұрғаны анық. Қалған әріптер латын әліпбиінде бұрыннан бар. Әйтсе де өз басым төл таңбалардың үтір арқылы берілуіне үзілді-кесілді қарсымын. Себебі, үтірмен белгіленген қаріпті ғаламтордағы «Гугл» жүйесінің іздеу жолағына енгізген кезде, ол оңайлықпен шыға қоймайды.
Дәурен ҚУАТ:
– Әсірелеп айтсақ, латынға көшу үрдісінде екі «экстремистік» күш пайда болады. Оның бірі-филологтар, екіншісі-бағдарламашылар, яғни, компьютер мамандары. Қазірде осы екеуі өзара «тартысып-жұлқысып» жатыр. Олар бір ымыраға келмей, белгілі бір шешім қабылдау да қиын. Бір қарағанда, мұндай бір-біріне кереғар пікірталастың болғаны да дұрыс. Әдетте, осындай пікірлер тоғысында небір керемет идеялар туындап жатады емес пе?!
Нұрлан НҰРҒАЗИН:
– Латынға көшудің қажеттілігін жаһандық технологияның трендтерімен байланыстыруға болмайды. Бұл шешім технологияның тілін білу үшін емес, халқымыздың шынайы қажеттілігінен туындап отыр. Айтайын дегенім, латын қарпіне көшу бұл ұлттық мүддеден туындаған мәселе. Бұл реформаны қазақ халқы өз жүрегімен қабылдағасы келеді, соны ескерген жөн. Әйтпесе, адамның ерік-жігері мен құқығын шектелген заманда талай нәрселер күштеп енгізілді емес пе? Оның қасында бүгінгі демократиялық ортада өмір сүре отырып, латын әліпбиінің қажеттілігін тек технологиялық қажеттілікке ғана таңып қою дұрыс емес.
Әділ ҚОЙТАН:
– Тарихтан білесіздер, елуінші жылдары жүргізілген тіл реформаларының ықпалымен қазақтың небір шұрайлы сөздері өзіндік қасиеттерінен айырылып қала жаздағаны да шындық. Ал, оған дейін айталық, «Сталин» деген сөзді жұртымыз «Ысталин» деп жазылып келген еді. Міне, өзге халықтардың «осы қазақ орысша қалай таза, ешқандай акцентсіз сөйлейді?» деп таңырқауы да осыдан болса керек. Ең бастысы және маңыздысы-латын әліпбиін қалай, қандай жолмен қабылдау қажеттілігіне қатысты нақты таңдау жасап, шешім алу құқығының өзімізге қалдырылуы болып отыр. Мұның өзі тәуелсіздіктің беріп отырған зор мүмкіндігі. Сол мүмкіндікті ұлтымыз үшін, оның болашағы үшін ұтымды пайдаланылуына әрқайсымы үлесімізді қосайық.
Әділ ҚОЙТАН:
– Адам кез келген әліпбиді ең алдымен жадымен қабылдайды. Ол не деген сөз? Мысал келтірсек, бір сөзді алып ондағы дауысты дыбыстарды жазбай біреуге оқытар болсақ, оның не сөз екенін бірден тауып қояды. Себебі, адам мәтінді оқыған кезде оның назары жекелей әріпке емес, тұтас сөзге не мәтінге ауып кетеді. Осы кезде арадағы қалып қойған әріпті де елемей қалуы әбден мүмкін. Демек, мәселенің тағы бір түйінді тұсы, өзгерісті психикалық тұрғыдан қабылдап, соған мойынұсынуға келіп тіреледі. Шынтуайтында, латын қарпіне көшу аса бір қиындық тудырады немесе түйіні тарқатылмайтын проблемаға айналып кетеді деп ойламаймын. Бәрі де әркімнің өзіндік көзқарасы мен ерік-жігеріне, белсенділігіне байланысты. Ең абзалы, латын қарпін қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін ойластырып, механизмін, яғни жүйесін жасап алуымыз, тетіктерін табуымыз керек. Айтып отырғанымның баспа ісіне де тікелей әсері болары сөзсіз.
Қайсар ЖАНАХАНОВ:
– Бұл жерде тіліміз түбегейлі латын әліпбиіне ауысып кетеді екен деп қорықпағанымыз немесе оған үрке қарамағанымыз жөн. Негізінде біз болашақта латыннан өзімізге керекті деген қаріптерді ғана алып, төл таңбаларымызды белгілейміз. Осылайша, ақпараттық кеңістіктегі өрісіміз кеңейіп, әлемдік өркенинт көкжиегіне қарай қадам басуға мүмкіндік аламыз. Осы үрдіске ілесіп, оны толыққанды меңгерген ұрпақ болашақта тұтастай ұлтымыздың болмысын сақтап қалуға үлесін қосады деп сенемін.
Нұрлан ЖАНАЙ:
– Күллі әлем ғаламтор мен әлеуметтік желіге бағынышты, тәуелді болған бүгінгі қоғамда соны серпіліс пен зор сілкініс туғызып отырған мәселенің кім-кімді де бей-жай қалдырмасы кәміл. «Мұның өзі қалай болып кетер екен, бастамамыз дұрыс па, бұдан ұтарымыз не, деген секілді сан сауалдың менің де көкейіме ұялап, көңілімді мазалағанын жасырмаймыз. Құдайға шүкір, қазірде жастарымыз үлкендерден көбірекке жаңалыққа, білмейтінін үйреніп, жаңалықты жатсынбай қабылдауға жаны құмар. Осының өзі латын әліпбиіне көшуімізді жеңілдетеді және мен сияқты қазіргі заманғы технологиялардың тілін білетін мамандар үшін қиынға соқпайтынына сенімдімін.
Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ:
– Өзіміз де бала кезімізде латын қарпімен жазылған шығармаларды, әднби туындыларды оқып көргенбіз. Сол себепті де, бұл жаңалықты да жұртшылық жатсынбайды, дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын. Ол үшін табиғатымызға жақын, қолданысқа ыңғайлы жолды таңдауымыз қажет.
Дайындаған:
Амандық АБДОЛ