Бүгінгі санақтың бұрынғы санақтан айырмашылығы қандай?
Қазіргі уақытта елімізде ұлттық халық санағы өтіп жатыр. Мемлекеттің ұзақ мерзімді даму стратегиясын айқындайтын маңызды науқан 1 қыркүйек – 30 қазан аралығын қамтиды. Оның басты айырмашылығы электронды форматта ұйымдастырылатындығында.
Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Галя Мұханғалиеваның айтуынша, Ұлттық халық санағы www.sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында интернет желісі арқылы онлайн режимде өткізілуде. «Egov.kz» веб-порталы және «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы да Ұлттық халық санағынан өту мүмкіндіктері қарастырылған.Соның ішінде, тұрғындардың халық санағынан онлайн режимінде өтуін қамтамасыз ету мақсатында, бүгінгі күні Атырау қаласы мен аудандар деңгейінде 90-нан астам нүктеде «Халық санағынан өз бетінше өту бұрыштары» құрылды.
Атап айтқанда, олар: Атырау қаласында с т ат и с т и ка д е п а рт а м е н т і ғимаратында, қала аумағындағы 7 ауылдық округ ғимаратында орналасқан. Одан бөлек, 3 халыққа қызмет көрсету орталығында, 5 пошта бөлімшесінде (№3, 5, 9, 11 және орталық бөлімшеде), 10 ірі сауда орталықтары мен базарларда («Атырау», «Тамаша», «Байзар» сауда ойын-сауық орталықтары, «Мұрагер» сауда үйі, «Дина», «Насиха», «Көктем», «Мерей», «Сарайшық», «Арын» базарлары), ауылдық округ әкімдіктерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында учаскелер ашылды. Департамент басшысының түсіндіруінше, жұмыспен қамту орталықтарынан ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған қызметкерлер арнайы оқу курсынан өтеді. Олар департаменттің жауапты мамандарымен бірлесіп тұрғындар үшін консультациялық көмек көрсетеді. Бүгінде облыс тұрғындары үшін халық санағынан онлайн режимде өтуге ыңғайлы жағдайлар жасақталған. Азаматтардан талап етілетіні – осы мүмкіндіктерді мүлт жібермей, өз тараптарынан белсенділік танытса жеткілікті. Мәліметтерді жинақтау екі әдіспен жүзеге асырылады. Оның біріншісі – мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында виртуалды көмекшінің жәрдемімен респонденттердің тұрған орнына қарамастан өздігінен санақтан өтуі, яғни өзі және отбасы мүшелері үшін санақ парақтарын толтыруы. Бүгінгі күні халық санағы осы әдіспен (ол 1 қыркүйек – 15 қазан аралығын қамтиды) жүзеге асырылуда. Екіншісі – үй-жайларды дәстүрлі түрде аралау(1-30 қазан аралығы). Мұнда интервьюерлер (сұхбаттасушылар) қолдарындағы планшеттерді пайдаланып, респонденттерге сауал салуы арқылы электронды санақ парақтарын толтырады. Олар өз жұмыстарын (негізінен үйлерді аралау) санаулы күндерден кейін бастайды.
– О с ы р е т т е , о б л ы с тұрғындарын алаяқтардан сақтануға шақырамыз және міндетті түрде төмендегідей белгілерге назар аударуларын сұраймыз: интервьюерді айырып тану үшін оларға халық санағының логотипі бейнеленген көк түсті портфель, көк түсті шарф және арнайы куәлік беріледі. Сондай-ақ, сұхбаттасушының қолында міндетті түрде планшет болады. Ал, көрсетілген мерзімнен бұрын үйлерге санақ өткізуге адамдар келсе, оның үстіне жоғарыда аталған айырып тану белгілері болмаса, онда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет, — дейді статистика департаментінің басшысы.
Бүгінде облыста халық санағынан онлайн режимінде өткен тұрғындардың саны 220 738 адамға жеткен. Оның 195 186-сы тікелей sanaq.gov.kz сайты арқылы, 21 552-сі egov.kz порталы және 4 000-ы Aitu мобильді қосымшасы арқылы санақ парақтарын толтырған. Онлайн режимде санақтан өткендердің ең көбі Атырау қаласында (95 845 адам) тіркелсе, аудандар арасынан Құрманғазы (23 384 адам) мен Жылыой (22 083) көш бастап тұр. Ал, тұрғындарды қамту деңгейі жөнінен Қызылқоға, Мақат, Исатай аудандары алдыңғы қатарда. Облыс бойынша көрсеткіш 33,24%-ы құрады. Онлайн режимінде санақ жүргізу кезеңінде халыққа ұялы және стационарлық нөмірлерден Call-орталықтың «1446» тегін бірыңғай телефон нөмірі арқылы санақ мәселелеріне қатысты консультация беріледі.
Дәулетқали АРУЕВ