Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Бүгін Ұлттық ұлан әскерінің құрылған күні

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің командирі подполковник Ерлан Ипатов бізге бөлім командирі ретінде Атырау қаласында орналасқан 5546 әскери бөлімі қызметінің ерекшелігімен таныстырды, деп хабарлайды atr.kz.  

«Біздің бөлімде кәсіби офицерлер мен тәжірибесі мол келісім шарт бойынша әскери қызметшілер қызмет атқарады. Бізге берілген жауынгерлік тапсырмаларға сәйкес түзеу мекемесін күзету, сотталғандарды қарауылдау, айдауылдау қызметі және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі бойынша әскери бөлім жеке құрамы жоғары дәрежедегі қызмет үлгісін көрсетіп келеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінде қаншама жоғалған адамдарды тауып және түрлі қылмыстарды болдырмауға тікелей әсер етіп келеміз. Осының барлығы жеке құрамның антқа адалдығының және ел сенімін ақтауға деген ынтасының жоғары екенінің дәлелі. Осындай жоғары нәтижелі қызметімізді әрмен қарай жалғастыра береміз. Мен, барлық қазақ елін және Атырау қаласының тұрғындарын, барлық әскери қызметшілерді 10 қаңтар Ұлттық Ұлан әскерінің құрылған күніне 32 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, істеріңізге табыс тілеймін. Денсаулықтарыңыз мықты болсын», деп айтулы датамен барлық әскерлерді құттықтады.

Елде қоғамдық тәртіпті қадағалайтын құрылымның сарбаздары қалтқысыз қызмет етіп келеді. Әр жауынгер темірдей тәртіпке бой үйренген. Ұлттық ұланның сарбаздарына бізде толағай табыстар мен отбасы амандығын тіледік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button