
ЖаңалықтарҚоғам
Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясы өтеді
Аtr.kz/29 сәуір, 2019 жыл. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Татулық пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясы өтеді.
Аталмыш шараға Атырау облысынан 30-ға жуық делегат қатысады. Олардың қатарында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестік басшылары, аналар кеңесінің өкілдері, «Жаңғыру жолы» облыстық штабы жанындағы жастар қанатының мүшелері бар.
Гүлжан ӘМІРОВА