ЖаңалықтарСаясат
Бүгін «Nur Otan» партиясы президенттікке кандидатты ұсынады
Аtr.kz/23 сәуір, 2019 жыл. Бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтеді.
Съезд барысында 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға партия атынан түсетін кандидаттың есімі жария етілетін болады. Қазіргі уақытта партия съезіне өңірлерден келетін делегаттардың саны белгілі болды.
Мәселен, Алматы облысынан 45, Қызылорда облысынан 30 делегат келмек. Жалпы, съезд жұмысына 1500 адамның қатысатындығы жоспарланған.
Дереккөз: «Қаз Ақпарат»