Жаңалықтар
Бүгін Халықаралық еріктілер күні атап өтіледі
Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні деп те аталатын мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен және ол жыл сайын 5 желтоқсанда атап өтіледі.
Орталық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Қазақстандағы еріктілер қозғалысы 240 мыңнан астам жанашыр адамды қамтиды. Олар мұқтаж жандарға қол ұшын созуға әрдайым дайын әрі экологиялық, әлеуметтік мәселелерін шешуге, іздестіру-құтқару жұмыстарына атсалысады.
Өз елінің нағыз патриоттары өз игі істерімен қазақстандықтардың алғысына бөленіп, өмірімізді жақсы жаққа өзгертуге ықпал етіп келеді.