Жарнама
Жаңалықтар

Бүгін-ертең ХҚО-да кейбір қызметтер көрсетілмейді

9-10 маусым халыққа қызмет көрсету орталықтарында техникалық жұмыстарға байланысты кейбір қызметтер көрсетілмейді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметі.

«Ішкі істер министрілігінің ақпараттық-өндірістік орталығы техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Осыған байланысты 9 маусым сағат 14:00-ден 10 маусым сағат 18:00-ге дейін еліміздің бүкіл халыққа қызмет көрсету орталықтарында кей қызметтерді алуға өтінім қабылдау уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, бүгін-ертең мына қызметтер қолжетімсіз болады:

— Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету;

— Еңбек иммигранты ретінде көшіп келушіге рұқсат беру, мерзімді ұзарту және кері қайтарып алу;

— Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру;

— Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұруға құжат ресімдеу.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button