
Жаңалықтар
Бүгін Атырауда шаңды дауыл болады
Облыста 28 мамыр күні ауа райы құбылмалы болып, бірқатар қауіп күтілуде. Синоптиктердің мәліметінше, облыстың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Желдің бағыты шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз батыс және оңтүстік өңірлерде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Ауа райының құрғақ әрі ыстық болуына байланысты облыстың солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал облыстың оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ Атырау қаласының өзінде өте жоғары өрт қаупі сақталып отыр.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ