
Бүгін Атырауда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
Atr.kz/22 мамыр, 2019 жыл. «APEC Petrotechnic жоғарғы колледжі» бүгін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізбек.
Жәрмеңке колледждің 2019 және 2018 жылғы түлектері үшін арнайы ұйымдастырылған. Жәрмеңке сағат 14:30-да өз жұмысын бастайды.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі еңбек нарығының кадрлық қажеттілігін анықтау, жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен байланыс орнату, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында колледж қабырғасында өткізіледі.
Жұмыс берушілер ретінде NCOC, ЖШС «АНПЗ», ЖШС «Velesstroi», Schlumberger, ЖШС «KUS», ЖШС «Tengri Novation», KKTS LLP (kentech kazakhstan technical services), ЖШС «Болашак-Атырау», ЖШС «Туран Мунай Консалтинг», ЖШС «Tenaz», Kazakhstan Petrochemical Industries, ЖШС «ССТ», ЖШС «Tesla Tan», ЖШС «Ратледж Ескерт Кызмет» сияқты 15-тен астам ұйымның өкілдері шақыртылды.
«Atr-Ақпарат»
