Жарнама
БілімЖаңалықтар

ҰБТ-ға қалай дайындалған дұрыс?

Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына үш айдай ғана уақыт қалды. Бұл сынақтың жалғыз оқушылар үшін емес, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін де маңызды, қорқынышты әрі оңай емес екенін бәріміз де білеміз. Осы орайда  бірнеше жылдан бері оқушыларды ҰБТ-ға дайындаумен айналысып жүрген маманның кеңесіне жүгінейік.
убт

ЮНЕСКО клубы, EDTECH-KZ халықаралық білім орталығының бас директоры Ғани Бейсембаевтың айтуынша, биылғы ҰБТ-ның өту тәртібі мен құрылымына айтарлықтай өзгеріс енгізілген жоқ.

«ҰБТ-ның биылғы өту тәртібі мен құрылымы өткен жылмен салыстырғанда, әзірге түбегейлі өзгеріске ұшыраған жоқ. Жуық арада Білім және ғылым министрлігі аса қатты өзгеріс енгізбейді деп үміттенеміз. Олай болмаған жағдайда, оқушылар мен ата-аналарды стресс жағдайына түсіруі мүмкін», — дейді ол.

ҰБТ-ға қалай дайындалған дұрыс?

ҰБТ — жоғары оқу орнына түсудің негізгі құралы. Олай болса жоғары оқу орнына сүрінбей түсуге ниеттенген кез келген адамның алдын ала оған дайындалғаны дұрыс. Ал дайындық мерзімінің шегі сіздің мақсатыңызға көп байланысты екенін білген жөн. Мәселен, мемлекеттік тапсырыс бойынша яғни, грантта оқығыңыз келсе дайындықты кемінде бір жыл бұрын бастау қажет. Дайындықтың жүйелі әрі сауатты болуы үшін арнайы дайындық курстарына қатысқан пайдалы. Үміткердің білім деңгейі неғұрлым төмен болған сайын дайындалу мерзімі де соғұрлым ұзақ болғаны абзал. Мәселен, кемінде бір жарым, екі жыл. Жақсы дайындықты 9-сыныптан қолға алғанда ғана нәтиже сөзсіз жоғары болады. Білімнің негізі орта мектепте екенін ұмытпаған жөн. Онсыз ЖОО түсуге ұмтылу, іргесі құйылмай жатып үй соғуға кіріскенмен бірдей.

Тестті жаттап дайындалу дұрыс па?

Тестті жаттап дайындалу дұрыс деп айта алмаймын. Немістің психологы Герман Эббин­гауз жаттау тәсілінің нәтижесіздігін дәлелдеп жазған. Ғалым жаттап алған білімнің ғұмырының қысқалығын айтады. Дегенмен, бұл шәкірттерге қарағанда көбіне ұстаздардың проблемасы. 11 сыныпта «бәйге» қумас үшін сапалы білімнің негізін балаға бастауыштан бастап қалау қажет.

ҰБТ психикаға да әсер етеді 

Емтихан тапсыру немесе сынақтан өту кез келген адамның бойында қобалжу мен қорқынышты тудыратыны белгілі. Бұл психологиялық проблема. Кейбір жақсы оқитын балалар білімін өз дәрежесінде көрсете алмай қалады. Бұған көп жағ­дайда қорқыныш, үрей сеп болады. Ондай кезде баланың психо­ло­гиялық кедергілерден арылуына көмек беру жолдарын қарастыру керек. Біздің зерттеуімізше, тест жүйесінен балалар емес, негізінен ата-аналар мен мұғалімдер көбірек қорқады. Әке-шешенің, ұстаздың ең басты рөлі — баланы «таяқтау» емес, қолдау. Баланың амандығы қажет. Оның аман болғаны, денсаулығы, психикасының сау болғаны аса құнды.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов алдағы Бірыңғай тестілеуге дайындық туралы айтып берді.

«Биыл тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңарды. Былтыр 80 мың тест тапсырмасы болса, биыл — 120 мың. 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға бағытталған. 37 пайызының бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Мұндайды былтыр енгізгенбіз. Бұл пәнді терең түсінуге, құрғақ жауаптарды жаттап алудан сақтайды. Бұл бітірушінің ойлай алуы үшін жасалған», — деді Әлімқұлов.

Оның сөзінше, 2018 жылы ҰБТ тапсыру ережелері өзгереді, алайда, тест тапсырушылардың ыңғайлығы үшін аздаған өзгерістер жасалды. ҰБТ бес пән бойынша өтеді: үш міндетті және екеуін таңдауға болады.

Айта кетейік, өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде 2017 жылдың 20-27 маусымы аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10 (11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3 пайыз) қазақ тілінде және 20 968 (23,6 пайыз) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Факт бойынша, 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4 пайыз құрады.

ҰБТ-ның өткізу ережесі мен тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден 12 адам шығарылды. Тестілеу барысында 85 446 тыйым салынған заттар, сонын ішінде 43 394 электрондық құрылғы (ұялы смартфон, роутер, модем және т.б) және 42 052 қағаз жүзінде (шпаргалка, оқулықтар және тағы да басқа) алынды.

Қазақстан бойынша бес пәннен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 80,5 пайыз (мүмкін болған 140 баллдан) болды. Шектік деңгейден, яғни 50 балл алған 74 517 ((84,1 пайыз), оның ішінде 60-65 балл: 5935 (7,9 пайыз), 66-119 балл: 52 717 (70,7 пайыз), 120 — 139 балл — 5 064 (6,8 пайыз). Шектік деңгейден өте алмағандар саны 14 066 адам (15,8 пайыз) болды.

Tengrinews.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button