Жаңалықтар

Браконьерлік бәсеңдемей тұр: екі айда – 71 қылмыстық іс

1 сәуір – 31 мамыр аралығын қамтыған «Бекіре-2024» балық қорғау акциясы аяқталды. Екі айда табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 935 дерегі тіркелді. Бұл туралы «Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы Олег Тушканов хабарлады.                

–Есепті мерзімде браконьерлерлік  және қоры азайған, жоғалып кету қаупінде тұрған балық түрлеріне заңсыз қол сұғушылық фактілеріне қатысты 71 қылмыстық іс қозғалды. Басқалай да құқық бұзушылықтар бойынша айыпты деп танылған 694 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 19,4 млн. теңгені құрады, — деді инспекция өкілі.

Айта кету керек, осы кезеңде жүзеге асырылған жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде жалпы салмағы 11,3 тоннадан астам «су маржаны», оның ішінде 2 тонна 230 келіге жуық  бекіре тұқымдас балық, 8,3 келінің үстінде қара уылдырық, 162 бірлік аулау құралы мен 44 су көлігі тәркіленіпті.

Сонымен қатар, осы кезеңде өзен арнасы мен теңіз атырабындағы табиғи су қоймаларынан жалпы ұзындығы 300 шақырымды құрайтын 1416 балық аулау құралы тәркіленіп, тиісті шарасы алынған.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button