Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Бөтен» нөмірлі көліктерге әзірге шара қолданылмайды

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Шетелдік көлікті тіркеу бойынша мыңға жуық атыраулық кеңес алды. Күні бүгінге дейін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан бес, нақтырақ айтсақ, үш армяндық, бір-бірден ресейлік және белорусьтік автокөлік «сары нөмір» алды.

Баршамызға белгілі, наурыз айынан бастап «бөтен» өмірлі көліктер уақытша тіркелуі тиіс болатын. Содан кейін бір жылдың ішінде тұрақты түрде тіркеліп, кедендік рәсімдеуден өтуі қажет еді. Десек те, бұл мәселеге орай қоғамда сан алуан пікірлер айтылды. Ал, облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мырзалы Өтеғалиұлының айтуынша, көлікті уақытша тіркеу мерзімі ресми түрде аяқталғанмен, нақты шешім шыққан жоқ.

 – Жуырда Мемлекет басшысы Үкіметке қазастандық заңнаманы сақтай отырып,  мәселені шешудің қос тарапқа да тиімді тетіктерін әзірлеуді тапсырды. Сол себепті, әзірге шетелдік автокөлік иелеріне шаралар қолданылмайды. Жалпы, статистикалық мәліметке сәйкес, облыс көлемінде Армения мен Ресей елінен 6 мыңнан 8 мыңға дейінгі аралықта көлік кіргізілген, — дейді М. Өтеғалиұлы.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/makarov-tapanshasy-zh%d3%99ne-o%d2%9b-a%d2%9bmola-oblysynda-%d2%9baru-zhara%d2%9b-kontrabandasymen-ajnalysyp-kelgen-%d2%9bylmysty%d2%9b-top-%d2%b1staldy-video/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button