Атырауда үздік билборд жобасына байқау жарияланды

img 3041 21 09 17 16 45 Жаңалықтар

Атырауда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мəнін айшықтайтын ең үздік жарнамалық билборд жобасына байқау жарияланды. Жұмыстар 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында қабылданады.

img-3041-21-09-17-16-45

Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін графикалық дизайн дағдыларын меңгеру жеткілікті. Яғни, билборд жобасында қазақ халқының мəдени мұрасына үлес қосқан жергілікті танымал тұлғалар, тарихи ескерткіштер, жалпы мұнайлы өңірдің ерекшеліктері көрініс табуы қажет. Сонымен қатар, автор аймақ болашағы туралы өз ойын жеткізе білуі шарт.

Жобалар ruhaniatyrau@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады және барлық жұмыстар atyraueli.kz сайтында жарияланып отыратын болады. Ал, жүлдегерлер халықтың ғаламтордағы дауыс беруі арқылы анықталмақ.

Бірінші орын алған жобаға 200 мың теңге тігілген. Тиісінше, екінші орынға 100 мың, үшіншіге 50 мың теңге сыйақы беріледі.

Айта кетейік, байқау тәмамдалған соң, авторы көрсетілген ең үздік жобалар Атырау қаласындағы билбордтарға қойылады.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз