Біз біргеміз: Сағыз ауылының тұрғындары ерекше челлендж жолдады (+ ВИДЕО)

19 0k 1 Жаңалықтар

Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты, халықты бірігуге, сабырға шақыратын түрлі видеолармен бірге, бейнеклиптер де тарауда.

Осындай бір жаңа бейнебаянды Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданы, Сағыз селосының өнерпаздары ұсынды.

Жергілікті композитор Әбдіғапар Темірхановтың әніне, ақын Айнагүл Темірболатованың сөзіне жазылған «Сағызым – сазым» әнін ауыл өнерпаздары бірге орындап, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Орындаушылар арасында жергілікті «Шұғыла» мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге, «Жайдарманның» талай маусымында көрермен көзайымына айналған «Сағыз» көңілді тапқырлар командасының ойыншылары да бар.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

https://www.youtube.com/watch?v=S6gDbe5zFDM&feature=youtu.be
http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-oblysyny%d2%a3-%d3%99kimi-blokpost-zh%d2%b1mysymen-zhekelej-tanysyp-shy%d2%9bty-foto/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз