Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Биылғы ұлттық халық санағының ерекшелігі неде?

Atr.kz/28 ақпан, 2020 жыл. Елімізде үшінші рет өткізілгелі отырған Ұлттық халық санағының ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл санақ электронды түрде жүзеге асады. Қағаз-қалам қолданылмайды. Екіншіден, әр тұрғын sanaq.gov.kz арнайы сайтына кіріп, сауалнаманы өзі толтыра алады. Ал, төрт бөлімнен тұратын санақ парақтарында тұрғынның тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы, жеке басына қатысты мәліметтер сұралады.

КІМ ӨТЕДІ, КІМ ӨТПЕЙДІ?

Ұлттық халық санағының дайындық кезеңі 1-30 маусым күндері өтеді. Бұл аралықта мекен-жайларды анықтау, тұрғын үйлерді нақтылау жұмыстары жүзеге асады. Келесісі – негізгі кезең. Қазан айында еліміздің тұрғындары Ұлттық халық санағына қатысады.

– М е м л е к е т ү ш і н маңызды шараға Қазақстан Республикасының азаматтары (уақытша жоқ және тұратындар), шетелдіктер мен ел аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар (12 айдан көп) қатысады. Сонымен қатар, дипломатиялық қызметімен байланысты және «Болашақ» бағдарламасымен оқитын ел азаматтары мен олардың отбасы мүшелері, басқа мемлекетте тұратын, бірақ, есепке алу сәтінде республикамыздың аумағында жүрген Қазақстан азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы санаттан табылады, — деді Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.

«Кімдер санақтан өтпейді?» деген сұраққа ол екі топты атады. Яғни, Қазақстан аумағында дипломатиялық мекемелерде немесе халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдік аза
маттар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ, жұмыспен, іссапармен, оқумен («Болашақ» б а ғ д а р л а м а с ы м е н оқитындардан басқа) байланысты 12 айдан көп мерзімге ел аумағынан тыс кеткен адамдар шараға қатыспайды.

ТҰРҒЫНДАР ТҮСІНІСТІКПЕН ҚАРАСА…

К е й б і р т ұ р ғ ы н д а р интервьюерді (санаққа қатысты қызметкерлер) үйіне кіргізгісі келмейді. Бірақ, олардың да жағдайы ескеріліп отыр. Сауалнамашылар арнайы сайт арқылы шараға қатыса алады. Осыған орай «Атырау» газетінің тілшісі статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловке «интервьюерді үйіне кіргізбеген жандар өзі және отбасы туралы қаншалықты толық мағлұмат береді деп ойлайсыз?» деген сұрақ қойды.

Оған Нұрболат Айдапкелов «иә, бұл мәселені ескеріп отырмыз. Арнайы сайт арқылы санақ парақшасын толтыру осындай түйіткілді тұстарды ескере отырып, қарастырылған. Әрбір адам өзінің жеке куәлігіндегі ЖСН бойынша мағлұмат береді. Бұрынғы халық санақтарынан байқағанымыз, көпшілік маңызды шараға түсіністікпен қарайды. Біздің облыстарды аралап жүруіміздің мақсаты – тұрғындарға санақ туралы кеңінен мағлұмат беру» деп жауап берді.

«Қазір қалада баспанасын жалға заңсыз беретіндер көп.
Табысын салық орындарынан жасыратындар маңызды науқан кезінде есепке алынбай қалмай ма?» деген сауал да қойылды. Комитет төрағасы мұндай кемшілікке жол берілмейтіндігіне сендірді.

ИНТЕРВЬЮЕРДІ ҚАЛАЙ ТАНИДЫ?

Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, санақ парақтары 4 бөлімнен тұрады. «Жеке» сұрағы бойынша тұрғынның білімі мен сауаттылығы, некедегі жағдайы, жұмыспен қамтылуы, күнкөріс көзі мен тұрмыс-тіршілік шектеулері, басқа сауалдар қойылады. Ал, «Тұрғын үй жағдайлары» бөлігінде баспананың жағдайы сипатталады. Тұрғындар мен келушілердің тізімін анықтайтын, «уақытша, 12 айдан кем уақыт Қазақстан аумағында жүргендерге» арналған санақ парақтары бар.

Тұрғындарға барлығы 84 сұрақ қойылады, соның 19-ы – нақтылау сауалы. «Тұрғындар интервьюерді қандай ерекшеліктері бойынша тани алады?». Бұл сауалға комитет төрағасы олардың куәлігінде суреті, мәліметтері, статистиканың аумақтық органының мөрі болатынын, халық санағының символикасы басылған көк түсті шарф тағып, көк түсті портфель ұстайтынын баяндады. Осы шарттарға сәйкес болмаса, келген адамды үйіне кіргізбеуіне баспана иесінің құқығы бар. Тиісті талап түрлі келеңсіздіктің алдын алу мақсатында қолға алынып отыр.

– Интервьюер қызметін еліміздің 18 жасқа толған кез келген тұрғыны атқара алады. Олар алдымен арнайы комиссияның әңгімелесуінен өтеді. Көпшілікпен тіл табысып, жұмыс жасай алатын, тапсырманы тыңғылықты орындайтын адамға қойылатын талап та бар. Бастысы – планшеттің тілін білуі. Қызметкерге орташа алғанда 94 мың теңге жалақы төленеді. Бұл бағытта жергілікті жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған адамдарға басымдылық беріледі. Интервьюер 833 адам туралы мағлұмат-деректер жинап әкелуі тиіс, — деді Нұрболат Айдапкелов.

Халық санағы кезінде ақпараттардың құпиялығына ерекше маңыз беріледі. Барлық дерек шифрланып, кодталады. Жауапты адамдар «планшет жоғалған күннің өзінде оны ашып, мәліметтерді алуы мүмкін емес» дейді. Себебі, кодтық кілт Елордадағы арнайы мекемеде. Кейбір аймақтарда интернеттің жоқтығы ескерілуде. Мұндай жағдайда, іс-шара статистика мекемелерінің арнайы бөлінген каналы, немесе ауылдық округ әкімдігіндегі бірегей мемлекеттік органдардың транспорттық каналы арқылы жүзеге асады.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Атырау облысы:

Халық саны – 645,4 мың адам

Ауылдық – 311,9 мың адам

Қалалық – 333,5 мың адам

Әкімшілік-аумақтық бірлік:

Қалалар саны: облыстық маңыздағы – 1

аудандық маңыздағы – 1

Аудандар саны – 7

Ауылдар – 153

http://atr.kz/bez-rubriki/prezident-%d2%afkimetke-koronavirus%d2%9ba-%d2%9barsy-zhan-zha%d2%9bty-shara-%d2%9babyldaudy-tapsyrdy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button