Биыл Атыраудағы Береке, Самал ықшамаудандарынан 672 пәтерлік үйлер салынады

snimok 5 Жаңалықтар

Оның ішінде Береке ықшам ауданынан  240 пәтерлік  бір тұрғын үй  және Самал ықшам ауданында  432 пәтерлік  ірі панельды 16 тұрғын үйлердің  құрылысын салу жоспарлануда.

«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Сонымен қатар, Талғайраң елді мекенінде 46 көпқабатты үйлердің құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Және Талғайраң елді мекенінде салынып жатқан 1080 пәтерлік 24 көп қабатты тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде» деп атап өтті спикер.

Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Терможаңғырту» бағыты бойынша өткен жылы 4 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп тапсырылды,  биыл 15 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарда.

Атап өту керек, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз