
Жаңалықтар
Биыл Атырауда кәріз тазарту ғимаратының құрылысы аяқталады
Atr.kz/7 ақпан, 2020 жыл. Көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі – кәріз суының буландыру алаңына тазартылмай, тікелей төгілуі.
Осы мәселені шешу мақсатында 2017 жылы басталған Атырау қаласындағы сол жағалаудағы кәріз тазарту ғимаратының құрылысы аяқтала келді.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласы әкімінің есебінде бұл нысанның биыл іске қосылатынын айрықша айтты.


Сондай-ақ, бүгінде оң жағалаудағы кәріз-тазарту құрылғысына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА