Баннер 9 мая от газеты Атырау

Биыл Атырауда Ақжар ауылындағы 600 орындық мектеп қолданысқа берілмек

323281089 693470855773584 693204572039068912 n Жаңалықтар

Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасы басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде Атырау қаласындағы Ақжар ауылындағы 600 орындық орта мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Үш қабатты мектептің құрылыс жұмысы 2020 жылы басталған болатын. 2,9 гектар жерге орналасқан үш қабатты білім ордасының мердігер мекемесі «Бекболатовтар Құрылыс компаниясы» ЖШС. Ғимараттың жалпы ауданы 8478,7 шаршы метр. Нысанның аумағы қоршалған және негізгі ғимараттың орналасуы, дене шынықтыру-спорт, демалыс, оқу-тәжірибе, экономикалық болып аймақтарға бөлінген.

-Мектеп ғимараты жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып жобаланған. Мектеп жобасы заманауи үлгіге сай жасақталынған. Мұнда оқу кабинеттері, интерактивті тақтайшалармен және технологиялық жабдықтармен қамтылған лаборатория кабинеттері, сонымен қатар, оқу процесінде оқушыларға толыққанды жағдай тудыру мақсатында асхана, спорт залы, кітапхана қарастырылған,- деді Н.Құсайынов.

Оның айтуынша, монолитті каркасы тұрғызылып, ішкі және сыртқы қабырғалары қатар қаланып, сонымен қатар сыртқы инженерлік желілері жүргізіліп, жылу қазандығы орнатылуда.

Айта кетейік, аталған нысан биыл желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз