Жарнама
Жаңалықтар

Биыл 800-ге жуық атыраулық 11 мамандық бойынша тегін оқу курсына жолданады

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «ТШО» компаниясы арасындағы келісім-шарт негізінде жұмыссыз азаматтарды арнайы мамандықтар бойынша даярлау курсының 9-шы легі басталды. Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осыған дейін екі жақты келісім аясында жұмыссыздар есебінен жыл сайын 1000 адам оқу курстарына жолданып келді. Өткен жылы 795 адам үш оқу орнына 11 мамандық бойынша оқытылды. Оқуын аяқтаған 400-ден астам адам жұмысқа орналасты. Бұл ретте оқу орындары мен мердігерлік, қосалқы мердігерлік мекеме өкілдерінің қатысуымен «АРЕС Реtrotechnic» колледжінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, жұмыспен қамту шаралары қабылданды,— деді Е.Әбілқасымов.

Оның айтуынша, жыл сайын «ТШО» компаниясымен бірлескен қысқа мерзімді оқу курстарын аяқтағандардың 70 пайызы жұмыспен қамтылады екен.

Бүгінде 270 адам «АРЕС Реtrotechnic» колледжі мен «АРЕС» және «Ақтау тренинг» орталықтарында білім алып жатыр. Бұл оқу кешендері жұмысшы мамандықтары бойынша білім алуға өте ыңғайлы. Тәжірибе жүзінде барлық қажетті жабдықтар бар, — деді Е.Әбілқасымов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button