Жаңалықтар
Биыл экологиялық талаптарды бұзған мекемелерге барлығы 32 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды
Биыл облыстық экология департаменті өңірдегі экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау үшін 27 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 149 әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов баспасөз брифингінде мәлім етті.
–Ереже бұзған сегіз мекемеге сот шешімімен 12 млрд. 193 млн. теңге айыппұл салынды. Ал 129 әкімшілік іс бойынша 19 млрд. 419 млн. теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарылды. Атмосфералық ауаға тарайтын газдардың, басқа да зиянды заттардың мөлшерін азайту мақсатында биыл 419,5 га орман алқабына 965,7 мың көшет отырғызылды. Сондай-ақ қала мен елді мекендер ішіндегі 52,3 га жерге 78,9 мың тал егілді. Сонымен қатар аймақта ауаға шығарылатын эмиссия көлемі де азайып келеді,-деді С.Шәпкенов.