Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық

Биыл Атырауда адам саудасы бойынша 13 қылмыс тіркелген

Биыл Атырауда адам саудасы бойынша 13 қылмыс тіркелген. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған баспасөз-конференциясында айтылды. Сондай-ақ, жиынға облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері қатысты.

ФОТО - ЖЕЗӨКШЕ

Конференцияға қатысушылар адам саудасына тосқауыл қою мақсатында өңірде көптеген жұмыстар атқарылғанын баяндады. Мәселен, қалада әр жексенбі сайын тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде, жыл басынан бері 13 қылмыс тіркеліпті. Соның ішіндегі жеті қылмыс жезөкшелікке қатысты.

Бір дәлелге тоқталайық — Алматы қаласының тумасы Атырауға өзімен бірге 5 қызды ертіп әкеліп, Қ.Сәтбаев көшесінде үй жалдап, жезөкшелікпен айналысқан. Түскен акшаны өзі алып отырған. Бүгінде бұл қылмыс әшкереленіп, іс сотқа жолданыпты. Салдарынан, бір адам бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, жедел профилактикалық іс-шаралар кезінде ғаламтор арқылы жезөкшелікпен айналысқандар да тіркеліп отыр.

Гүлдана Жамбозова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button