Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Бірлікке үндеген бірегей институт

Аtr.kz/30 сәуір, 2019 жыл. Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген тың құрылымның бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Бұл – егемендіктің елең-алаңында 1995 жылы өмірге келген Елбасының төл туындысы. Содан бергі уақыт аралығында өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, еліміздегі басты құрылымның біріне айнала білді. Ал, бүгінде Ассамблея – тыныштығымыздың тірегі, 130-дан астам ұлт пен ұлысты бір мақсатқа ұйыстырған іргелі институт.

Келісімнің киелі бесігі Атырауға кезекті сапарларының бірінде Елбасымыз «Айналамызда алып-алып елдер отыр. Олардың әрқайсысының ойлары, ішкі есебі әртүрлі. Сондықтан, бізге бірлігімізден ажырамау керек» деген болатын. Осыдан-ақ, бірлік, тұтастық ұғымдарын «алтын ережеге» айналдыра білудің мемлекеттік маңызын ұғыну қиын емес. Ал, қазір Ассамблея азаматтық қоғамның барынша дамыған бір саласына айналды. Қоғамдық келісімнің қарапайым формуласы әлемге үлгі болса, еліміздің даму деңгейінің құпиясы да осы ауызбіршілігімізде, Ассамблея атқарған істердің нәтижесінде жатыр. Жұмысының басты бағыты бірлік идеясы, ұлтаралық келісімге негізделген Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық тұрақтылықты дамытуға қосқан үлесі зор. Өңірдегі ұлт пен ұлыс өкілдері 20 этномәдени бірлестікке топтастырылған. Олар қоғамның белсенді мүшесі ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениет пен өнердің, ұлттық салт-дәстүрдің өркен жаюына атсалысып келеді.
200-ден астам іс-шара Мәселен, өткен жылы этномәдени бірлестіктердің белсенділері отыз сегіз мыңнан астам адамды қамтитын 200ден астам іс-шара өткізді. Олардың қатарында «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің «Сабантой», «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің «Отбасы, сүйіспеншілік және адалдық», «Таврос» армян этномәдени бірлестігінің «Вардавар», «Светоч» этномәдени бірлестігінің «Ивана Купала», орыс, славян, казактар қауымдастығының «Яблочный спас», грузин этномәдени бірлестігінің «Нинооба», «Алия» еврей этномәдени бірлестігі «Рош-А-Шана» іс-шараларын атап айтуға болады. Сондай-ақ, әртүрлі ұлттардың дәстүрлі мерекелері мен мәдени күндері аталып, «Рождество», «Терендез», «Сольналь», «Масленица», «Жаворонки», «Песах», «Пасха» өтті. Ізгілік іздері Қоғамда адамдардың, солардың ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейтуге бағытталған  «Қайырымдылық керуені»  жобасы осыдан төрт  жыл бұрын бастау алған болатын. Бұл «Қайырымдылық керуені»  Ассамблеяның әлеуметтік жобаларының жалғасы болып табылады. Былтыр акцияны жүзеге асыру бағытында облыс көлемінде 80-нен астам қайырымдылық шара ұйымдастырылып, 4900 адамға 18 млн. теңге  көлемінде  қайырымдылық  көмек жасалды. Мыңнан астам әлеуметтік-қамқорлық  іс-шаралары өтті. Осындай игі істерді атқаруға үнемі атсалысып отыратын меценаттар, депутаттар, компания өкілдері, жеке кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер мен белсенді ерікті топтар бар. Атап айтқанда, жылдың басында облыс бойынша табысы аз және көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, балаларға арналған «Жақыныңа көмектес», «Балаларға қуаныш сыйла», «Қамқор», «Жүрек жылулықтарын сыйла», «Тегін такси» акциялары белсенді ұйымдастырылған болатын. «Ахыска» Қазақстан түріктері қоғамы Атырау облыстық филиалының төрағасы А.Мурадов, Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан балаларға 1 млн. теңге көлеміндегі қайырымдылық шараларын өткізді. «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің көрсеткен қайырымдылық көмегі де дәл осындай қаражатты құрайды. Осылайша, өткен жылдың өзінде облыста жалпы ізгілікке бастайтын шаралар кең өріс алды. Биыл да бұл ізгі үрдіс жарасымды жалғасуда.

ТҮЙІН:

Елдегі тұрақтылықты сақтаумен қатар ізгілікті істер мен мәдени шаралардың ұйытқысы болып жүрген бірлестіктердің бірегей жұмыстары жылдан жылға жалғасын тауып келеді. Жуырда «Иверия» би ұжымының халықаралық конкурс-фестивалінде жеңіп алған Италияға жолдамасы – солардың бір парасы. Айта берсек, бірлестіктердің жетістіктері жетіп артылады. Ең бастысы, олар бүгінгі күні елді бірлікке үндеген бірегей күшке айналды.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button