Бірлік – Қазақстанның басты күші
Бүгін Х.Доспанова атындағы №18 мектепте орналасқан №29 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген сайлаушалырдың бірі — «Тхоньил-Атырау» этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Людмила Ли.
«Бүгінде елімізде өте маңызды тарихи оқиға – кезектен тыс Президент сайлауы өтіп жатыр. Әрбір қазақстандық бүгін өз сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасайды деп ойлаймын. Өйткені, дәл осындай күндерде мемлекеттің болашағы шешіледі. Яғни, өзіміз өмір сүретін, бала өсіріп, соның игілігі үшін қызмет ететін еліміздің қандай бағытта дамуына байланысты маңызды мәселеге орай таңдау жасаймыз.
Мен бүкіл әлемге үлгі болатын мемлекет үшін дауыс бердім. Әрі олай боларына да сенімдімін. Өйткені бейбітшілік, келісім, өзара түсіністік, бірлік Қазақстанның басты күші.
Осы тұста тағы бір айтарым, мемлекеттен жақсылық күте отырып, біз өзімізге де: «Мен өз еліме не бере аламын, не істей аламын?» деп сұрақ қоюымыз керек», — дейді корей қауымдастығының жетекшісі.
Біз барған учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дулат Далиевтің айтуынша №29 сайлау учаскесінде 1486 сайлаушы тіркелген.
Анжелика КИМ