
Бірлік. Ерлік. Жеңіс
Атырау қаласындағы «Тоныкөк» этносаябағында «Қарияларымыз – Бірліктің, Ерліктің, Жеңістің үлгісі» атты мерекелік шара өтіп, ол Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні сынды атаулы мерекелерге арналды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар — «Атырау Рауан», «Jas Tumar Atyrau» қоғамдық қорлары және FLUOR компаниясы.
«Бүгін үш бірдей мерекені атап өтуіміздік символикалық мәні зор. Бұл ұрпақтар сабақтастығының көрінісі және бейбітшілік, достық, аға буынға құрмет сияқты басты құндылықтарға баулиды »,- деді «Атырау Рауан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әди Жоламанов.

Іс-шара барысында ұлтаралық келісім, жауынгерлер мне Отан қорғаушылардың ерлігіне арналған әндер шырқалып, көрермендерді тебірентті.
Шараға қатысқан аға буын өкілдері жайлы көңіл-күй жасап, ерекше зейінге бөлеген ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

